Юлия Путинцева Гамбург жарысын жеңіспен бастады

Юлия Путинцева Гамбург жарысын жеңіспен бастады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның екінші, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Германияда Гамбург WTA 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарыстың 6-ракеткасы Ю. Путинцева бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 184-орында тұрған франциялық Эльза Жакемомен өткізді.

Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Ю. Путинцева 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Қарсыласы 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін корт иелері, әлемнің 106-ракеткасы Юле Нимайер немесе рейтингте 305-сатыдағы Элла Зайдельдің біреуімен таласады.