Бір облыс қана «жасыл» аймақта тұр

Бір облыс қана «жасыл» аймақта тұр
Cурет: Ашық дереккөз

Алматы «қызыл» аймақта

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы.

Айта кетейік, кеше, 14 қаңтарда Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта тұрған болатын.