Елімізде қаржылық пирамидаларды жарнамалайтын 3000-нан аса сайт бұғатталды

Елімізде қаржылық пирамидаларды жарнамалайтын 3000-нан аса сайт бұғатталды
Сурет: Fingramota.kz

Ақша алаяқтарына қатысты 44 іс қозғалып, 6,5 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Қаржы пирамидасын ұйымдастырды» деген күдікпен 20 іс қозғалып, 17-сі сотқа жолданды. Қаржылық мониторинг агентті осындай мәлімет жариялады. Сонымен қатар бюджет қаржысын жымқырғандарға қатысты 115 іс қозғалып, 53 млрд теңге мемлекетке қайтарылды.