Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты: қазақстандық спортшы Жанна Мамажанова марафонға қатысты

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты: қазақстандық спортшы Жанна Мамажанова марафонға қатысты
Сурет: Prosports.kz

Ол қашықтықты 2:31:15-те аяқтады.

АҚШ-та жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аясында кезекті жарыс күні өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы Жанна Мамажанова марафонға қатысты делінген. Ол қашықтықты 2:31:15-те аяқтады. Бұл оған мәреге жеткен 32 спортшының ішінен 21-ші орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден біліктілікті жеңуден өте алмады. Бірінші жүгірісте ол жетінші болып, 23.50 уақытын көрсетті.