Ұлттық тәрбие - ел болшағы

Ұлттық тәрбие - ел болшағы
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болады. Қазіргі таңда болашақ ұрпақты  ар-намыс пен адалдық, патриотизм, жауапкершілік пен әдептілік, мейірімділік пен сүйіспеншілік, үлкенге ізет пен кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды болуда.

Қазақстанның білім беру ұйымдарында 2023-2025 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілуі жас ұрпақтың бойына адами құндылықтарды сіңіру мақсатына жетудің тиімді құралдарының біріне айналды. Бұл бағдарлама жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында құрылған. Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап бағыттарына негізделіп жасалған бұл құжат адами құндылықтарға негізделген. Ендеше, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту өте  маңызды да өзекті болып отыр.

Жас ұрпақты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында  Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты №177 жалпы білім беретін мектепте «Ұлттық мүде», «Ар-ұят», «Талап» атты ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, «Әкеге қарап, ұл өсер» атты отбасылық әкелер сайысы өтілді. Әке мен бала арасындағы отбасы құндылығын арттыру мақсатында болған  әкелер сайысы жоғары деңгейде өтіліп, көрермендер мен ата -аналардың жылы ықылысына бөленген іс шара болды7

Аталған отбасылық  іс шараға  Жетісу ауданының білім беру ұйымының әдіскері Наймангельдиева Гүлшарат Қойшыбайқызы, "Қанат" өнер - білім орталығының директоры - Әмірханов Қанат Қуанышұлы, «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының маманы – Венера Ғалымқызы, Жетісу ауданы №9 оқушылар үйінің әдіскері - Алдакеев Дүйсенбай Солтанович  және осы аталған мектебіміздің тарих пәні мұғалімі  - Исаев Нұрлыбек Қожабайұлы қатысып, әділқазылық жасады.       Отбасылық әкелер сайысында сөз алған мектеп директоры Тұрсын Танатұлы: «Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі»,- дей отырып, қазіргі уақытта үлкен мәселеге айналған әке мен бала арасындағы отбасы құндылығын арттыру қажет екенін және бұл өнер сайысының жоғары дәрежеде өтуі, әке мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен отбасы құндылығын арттыруына дәнекер болатынын айтып өтті.

Сайыстың басталуы Республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегеріақын - Ғалым Еркінбектің жыр арнауынан басталып, мектебіміздің «Шолпан» би тобының мың бұралған биі мен бастауыш сыныптан құралған«Назқоңыр» хоры және «Көкжиек» ұлттық оркестрінің орындаған өнер туындыларынан бастау алды. Ұлттық нақышта киінген көрермен оқушылар да, ата-аналар да бүгінгі сайыстың ерекшелігін де түсінген сияқты.

Жалпы сайыс «Әдебі жақсының - сәлемі жақсы» тақырыпта видеоролик арқылы таныстыру, «Өнерліге өріс кең» тақырыпта  өнер көрсету, «Ата мұра- асыл қазынаң» атты қамшы өру, «Ойлы болсаң озып көр» атты салт- дәстүр, әдет- ғұрып, ырым-тиымға байланысты сұрақтарға жауап беру және «Ата көрген оқ жонар» атты  ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымын жасап келу бойынша бес кезеңнен тұрды. Сайыстың әр кезеңінде әкелер мен ұлдардың үлкен жауапкершілікпен орындаған әрбір өнерлері көрермендерді сүйсіндірді. Әсіресе, өнер сайысы кезінде «Абай жолы» романындағы Құнанбайдың  Абайға айтқан үш мінін саханаға сомдап шыққан 9 сынып оқушысы Көшімхан Ералы мен әкесі Асылбаев Алмастың әке мен бала арасындағы әңгімеден Абайдың азаматтық тұлғасын көрермендер бірден ұғып, ерекше қошемет көрсетті. Сондай- ақ, ұлттық қолөнер шебері кезінде де сайыскерлердің  еңбекқорлығы мен шыдамдылығын, ептілігі мен шапшаңдығын байқатқан «Қамшы өру» сайысы да ерекше болды. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, әкелер мен ұлдардың ерекше салмақты сөз саптары да көңілге қонымды болды. Танымдық сұрақтарды да мүдірмей айтып өтті. Үй тапсырмасы бойынша берілген қолөнерлері де сапалы, ерекше шеберлікпен жасалған. Әділқазы мүшелері, әсіресе, қөлөнер бұйымдардың ерекше шеберлікпен жасалаған еңбектерін бағалап, сын-пікірлерді де айтып үлгерді.

Отбасылық байқауда сайыскерлер «Сегіз қырлы бір сырлы әке», «Үлгілі әке», «Шебер әке», «Өнерлі әке», «Талантты  әке», «Өнегелі әке» және «Шығармашыл  әке» атты номинациялармен марапатталды.

Сайыстың   нәтижесі бойынша «Бас жүлдені» 9 «Ә» сынып оқушысы Көшімхан Ералы Алмасұлы мен әкесі Асылбаев Алмас Кошімханұлы, 1- орынды  Смағұлов Фархат пен  9 «В» сынып оқушысы Малек Нұркелді,  2- орынды Абдраманов Нұрқұлан Асанұлы мен 11 «В» сынып оқушысы Асан Бекаман Нұрқұланұлы, 2- орынды Алматов Қанат Зкрияұлы мен 8 «Д» сынып оқушысы Зәкәрия Нұрали Қанатұлы,  жүлделі 3- орынды Нұртаев Алпамыс  пен  8 «Б» сынып оқушысы Жакеев Алижан, 3 - орын Жұбанышов Әбдімәлік Жұбатқанұлы мен 8 «Г» сынып оқушысы Жұбатқан Абай Әбдімәлікұлы,  Жаркен Берік пен 11 «Б» сынып оқушысы Берікұлы Семсер 3 - орын жеңімпаздары атанды. Отбасылық әкелер сайысының жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді және естелікке суретке түсті.

Иә, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі», «Жақсы ұл - елдің туы» деп халқымыз айтқандай, рухы биік, ар мен ұятты бағалайтын, өзіне талап қоя білетін, ұлттық мүддені насихаттайын ер - азаматтар көп болсын!