Алматыда жол апаты болып 17 адам зардап шекті

Алматыда жол апаты болып 17 адам зардап шекті
Сурет: видеодан алынды
Алматыда бүгін,  Райымбек даңғылының бойында үш автобус пен жеңіл көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Куәгерлердің сөзіне сенсек, бірінші автобустың жүргізушісі тежегішті бірден басқан. Артында келе жатқан автобустың жүргізушісі мұндай жағдайды күтпеген болуы керек, тежегішті басып үлгермей алдыңғы автобустың артынан соққан. Үшінші келе жатқан автобустың жүргізушісі көлігін шалт бұрып, соқтығысқан көліктерден айналып өтпек болған. Бірақ, жанында кетіп бара жатқан жеңіл көлікті соғады. Осылайша жол-көлік оқиғасы орын алған.  

Куәгердің айтуынша, бірнеше адам зардап шеккен. Жолаушылардың бірінің аяғы сынған.

Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келіп үлгерді. Алдын ала мәлімет бойынша, 15 адам зардап шеккен.