Бірнеше алаяқтыққа қатысы бар әйел қолға түсті

Бірнеше алаяқтыққа қатысы бар әйел қолға түсті
Сурет: Vlast.kz

Алаяқтығын мойындаған ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сериялық алаяқтық дерегін Медеу ауданының полиция қызметкерлері анықтады.

«Тергеу барысында күдікті 29 жастағы К. есімді азаматша қылмыстық жолмен баю мақсатында сенгіш кәсіпкерлерді алдағандығы анықталды: табысты көбейтіп беремін деген желеумен «Мегатау», «ГУМ», «Мобила» дүкендерінің 15 сатушысының ақшасын алған. Бүгінгі таңда К. есімді азаматша ұсталды және бірнеше рет алаяқтық жасағанын мойындады. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (Алаяқтық) бойынша тіркелді», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта К. есімді азаматшаның Алматы қаласында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция күдіктінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 8 (727) 254-48-02; 254-48-10 және 8-702-476-66-60.