Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлердің жұмысы қаралды

Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлердің жұмысы қаралды
Сурет: Оrtcom.kz

Барлығы 25 жұмыс ұсынылған.

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында үміткерлердің жұмысы қаралды.

Үміткерлер Мемлекеттік сыйлыққа әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша 25 жұмыс ұсынған.

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды.