Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұрпақ міндеті

Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұрпақ міндеті
Сурет: Almaty.tv

Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағында өткен ғылыми-танымдық басқосуға жиналғандар осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Алқалы жиында талқыға түскен тақырып төңірегінде ой өрбіткендер «құндылықты дәріптеу ең әуелі жазушылардан басталуы керек» дейді. Өйткені ұлттың рухани қазығы - сол елдің әдебиетімен өлшенеді.

Айта кетейік, жиынға қатысқандардың қатарында елдің маңдайалды қаламгер қауымы мен мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.

– Ұлттық құндылық – жас ұрпаққа тәрбие. Соңғы 3 жылда осы мәселеге жан-жақты көңіл бөлініп жатыр, – деді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов.