Алматылық тұрғыннан есірткі тәркіленді

Алматылық тұрғыннан  есірткі тәркіленді
Сурет: Polisia.kz

Ол «шөпті» өзі үшін сатып алғанын түсіндірді. 

23 жастағы алматылықтан синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамнан тәркіленген зат жалпы салмағы 0,58 гр. болатын мефедрон психотроптық заты болып шықты. Ол «шөпті» өзі үшін сатып алғанын түсіндірді. 

«Патрульдік полиция қызметкерлері Пушкин мен Гоголь көшелерінің қиылысында Volkswagen көлігін байқады. Тексеру кезінде жүргізушінің өзін ұстауы көзге күдікті көрінді. Кейінірек мұндай іс-әрекетінің себебі анықталды. Жүргізушіде өзімен бірге есірткі заты болған. ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс аяқталғаннан кейін сотқа жолданатын болады», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.