Алматыда жиырма мың орындық студенттік жатақханалар салынады

Алматыда  жиырма мың орындық студенттік жатақханалар салынады
Сурет: Үvision.kz

2030 жылға дейін 20 мың орындық жаңа студенттік жатақханаларды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Шаһарда 2030 жылға дейін бес мыңға дейін жалға берілетін тұрғын үй салынбақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» атты жобасына сілтеме жасап.

  • Полиорталықтарда жастарға арналған 16 Community орталығын іске қосу
  • 10 мыңнан астам адамды қамтитын жұмыспен қамту орталықтары
  • Жылына кемінде 10 мың адамды қамтитын өзекті мамандықтар бойынша (курьер, мобилограф, аспаз, SMM және т. б.) курстарды іске қосу
  • Жаңа дағдыларды дамытуға және бизнесті ашуға арналған акселераторлар
  • Жылына кемінде 1 мың мәдени, спорттық, волонтерлік іс-шаралар өткізу
  • Ленд-лордтар мен коливингтер қағидаты бойынша жылына кемінде 2 000 апартамент жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске қосу,
  • «Алматы Жастары» жеңілдетілген ипотекасын жалғастыру жылына кемінде 1 мың пәтер, 12 мың орындық студенттік жатақханаларды пайдалануға беру
  • Студенттер үшін қалалық сервистің минималды стандартын енгізу – цифрландыру, өмір сүру жағдайлары және инфрақұрылымның инклюзивтілігі.

Алматының болашағына бей-жай қарамаңыз. Жастарға  қатысты өз пікіріңізді 1 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында қалдырыңыз.