Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтеді?
Сурет: Elorda.info

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO) келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақыты белгілі болды.

Қанат рингке қыркүйекте АҚШ жерінде шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Бұл қазақ боксшының 26 ақпан Плант-Ситиде өткен бокс кешінде карьерасындағы алғашқы жеңілісінен кейінгі бірінші айқас болмақ. Ол кезде Қанат WBO Global титулы үшін кездесуде британиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) төрешілер шешімімен (95-95, 96-94, 97-93) есе жіберген.

Қазіргі таңда қазақстандық Окснардта (Калифорния) бұрынғы бапкері Роджер Романың қол астында жаттығып жатыр.

Ислам қазіргі кезде барлық негізгі ұйымның: WBC, WBA, IBF және WBO рейтингтерінің ТОП-15 тізімінен шығып қалған.