Ұлттық қорға қанша қаржы түсті? 

Ұлттық қорға қанша қаржы түсті? 
Сурет: https://t.me/TengeLifekz

Биыл үкімет Ұлттық қордан 1,1 трлн теңге алыпты.

Бұл қаражаттың бәрі мұнай секторынан түскен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қаржы министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Ұлттық қорға осыншама ақша түсіп, бірден үкімет есебіне жөнелтілген. 

Жалпы түсім сомасы 1 169 872 776 537 теңге, оның 1 169 678 124 028 теңгесі мұнай секторының табысы. 

Табыстың құрамы мынадай:

▪️119 млрд теңге – сыртқа шыққан «қара маржанның» экспорт салығы;

▪️111 млрд теңге – қазба байлықты өндіру салығы; 

▪️626 млрд теңге – заңды тұлғалардың корпоративті салығы; 

▪️266 млрд теңге – мұнайды өндіру және сатудан түскен табыс үлесі. 

Айналасы үш айдың ішінде мұнай секторынан түскен табыс аз қаржы емес. Соның өзін дұрыс ұқсатып, мақсатты жұмсай алмаймыз ғой. Бір ғана су тасқынынан келген залалдың мөлшері ұшан-теңіз. Ол әлі шотқа салынып жатқан көрінеді. Етек-жеңін жимаған елдің тірлігі осындай берекесіз болады.