Олимпиада алауы Афиныдан Бейжіңге жеткізілді

Олимпиада алауы Афиныдан Бейжіңге жеткізілді
Сурет: Olympic.kz

XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді.

Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарының алауы сәрсенбі күні Афиныдан ҚХР астанасына жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Олимпиада ойындары ұйымдастыру комитетінің делегациясы мінген ұшақ сәрсенбі күні таңертең Қытай астанасындағы «Шоуду» халықаралық әуежайына тоқтады.

«Құс ұясы» ұлттық стадионының жанында орналасқан Олимпиада мұнарасында алауды қарсы алу шарасы өтті. Олимпиада алауы алдымен Бейжіңдегі Олимпиада мұнарасына қойылады, кейін Қытайды аралап шығу үшін турнеге аттанады.

Алайда факельдік эстафета ауқымы коронавирусқа байланысты қысқарады. 2022 жылдың 2-4 ақпаны аралығында қысқы Олимпиада ойындарының үш сайыс аумағында – Бейжіңде, Яньцинде және Чжанцзякоуде 1200 алаугердің қатысуымен эстафетаның ақтық кезеңі өтеді.