Ертеңгі күннің ауа райы мәліметі

Ертеңгі күннің ауа райы мәліметі
Сурет: Almaty.tv

Алматыда күндіз +20...+22°С жылы болады.

Синоптиктер Қазақстандағы 14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде Қара теңіз аймақтарынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Батысты тұман басады», деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°С, күндіз +17...+19°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +20...+22°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7...+9°С, күндіз +25...+27°С.