18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аудару әлеуметтік жағдайды жақсартады

18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аудару әлеуметтік жағдайды жақсартады
Сурет: Elorda.info

Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударылып отырады  - Жолдау

Осы бастамаға қатысты пікір білдірген саясаттануышы Самат Нұртаза бұл жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ажырасудың азаюына септігін тигізетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv.cайтына сілтеме жасап.

«Еліміздің Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балаларға төлеу қажет деген бастама орынды. Қазақстанда жастардың көбі үйсіз-күйсіз. Бұл бастама, менің ойымша, жастардың баспаналы болуына үлкен дүмпу болайын деп тұр. Дәлірек айтсақ, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы мен ажырасудың азаюына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы шиеленіскен үрдістерді азайтады», - деді Самат Нұртаза.

Бұдан өзге, саясаттанушы Жолдауда көтерілген жолдардың сапасын арттыру бастамасы – экономиканың дамуына серпін беретінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы атаған әлеуметтік мәселенің бірі – 2025 жылға дейін 95 пайыз автожол жөнделеді. Жолдың мәселесін бір адамдай сезініп жүрміз. Тас жолдар жөнделсе, жаңасы салынса, экономика қарқынды дамиды. Ол – артерия. Себебі, барлық сауда-саттық, ішкі тасымал дәл осы тас жолдарға байланысты болып отыр», - деп пікір білдірді саясаттанушы.