Ертеңнен бастап несие туралы ақпарат күнделікті берілуі тиіс

Ертеңнен бастап несие туралы ақпарат күнделікті берілуі тиіс
Сурет: Нsl.guru

Соның негізінде енді азаматтар қарызын өтеп бітпейінше, жаңадан кредит ала алмайды.

1 қазаннан бастап барлық банк, ломбард және онлайн қаржы ұйымдары берілген несие туралы ақпаратты күнделікті беруге міндетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осындай шектеулер арқылы билік борышкерлердің санын азайтуды көздеп отыр. Бұған дейін заң бойынша берілген қарыз туралы ақпарат кредиттік бюроға 15 күннен кейін түсетін. Сол аралықта азаматтар 4-5 жерден несие алып үлгеретін.

Несие бюросының мәліметі бойынша, бүгінде 1 млн 800 мың адам несиесін төлеу мерзімінен кешіктіріп отыр. Биыл қарызданғандар саны өткен жылға қарағанда 37 пайызға көп. Азаматтар, әсіресе, кепілсіз тұтынушылық несиелер рәсімдеген. Жалпы қарыз көлемі - 6 трлн теңге.