Ұлыбритания «Омикрон» штамына қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны мақұлдады

Ұлыбритания «Омикрон» штамына қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны мақұлдады
Сурет: Ашық дереккөз

Препаратты ревакцинациялау үшін де қолдануға болады

Препаратты «Модерна» компаниясы әзірлеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Екпенің ерекшелігі - дозаның жартысы вирустың бастапқы штамынан, ал қалған бөлігі «Омикроннан» қорғайды. Сондай-ақ бұл препаратты ревакцинациялау үшін де қолдануға болады. 

Сынақ-тәжірибе кезінде вакцина адам ағзасында күшті иммунитет қалыптастыратыны анықталған. 

Аталған екпені Британияда мақұлдау туралы шешімді үкімет жанынан құрылған тәуелсіз сараптамалық-ғылыми кеңес беруші мекеме мен дәрі-дәрмек жөніндегі комиссия бірлесіп қабылдаған.