Қала әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі

Қала әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі
almaty-akshamy.kz

2022 жылғы 18 тамызда сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Қали Надыров көшесі, 50 мекенжайындағы Рахым Сәрсенбин атындағы №192 орта мектепте Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі.
https://go.2gis.com/fis6c 

Ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Наурызбай әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады:
1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 
2. https://www.facebook.com/akimat.nauryzbai