ҰҚК Мәсімовке қатысты тергеуді аяқтады

ҰҚК Мәсімовке қатысты тергеуді аяқтады
Сурет: Egemen.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның бұрынғы басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше:

Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі («Мемлекетке опасыздық жасау»), 179-бабы 3-бөлігі («Билікті күшпен басып алу») және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану»);

Ерғожин ҚК-ның 179-бабы 3-бөлігі («Билікті күшпен басып алу») және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану»);

Өсіпов ҚК-ның 362-бабы 3-бөлігі бойынша («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану»);

Акипов және Бекмұрат ҚК-ның 362-бабы 1-бөлігі бойынша («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») сараланған.

Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатқаны айтылды.

«Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға дейін, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.