Рақымшылыққа ілінгендерден соттылық алынады

Рақымшылыққа ілінгендерден соттылық алынады
Сурет: 24.kz

Бірақ «рақымшылық қолданылды» деген жазба қалады.

Олар мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Рақымшылық жасалған адамдардан соттылық алынады, бірақ «рақымшылық қолданылды» деген жазба қалады. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.

Рақымшылық туралы заңға сәйкес, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар сот үкімін күтпей, рақымшылықты қолдану туралы өтініш жаза алады. Олардан соттылық алынады.

«Теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандардан соттылық алынады. Бірақ «рақымшылық қолданылды» деген жазба қалады. Олар мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алмайды», - деді Шындалиев сенат отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетері, рақымшылық бойынша ауыр қылмыстар үшін сот тағайындаған мерзімнің төрттен үш бөлігі, аса ауыр қылмыстар үшін жазаның жартысы қысқартылады.

Президент тиісті заңға қол қойды. Ол құжат бүгіннен бастап күшіне еніп отыр.