Үкімет құрамындағы жаңалықтар

Үкімет құрамындағы жаңалықтар
Сурет: Аqorda_resmi

Ақордада тағайындаулар жүріп жатыр.

Кей министрлер өз орнын сақтап қалса, бірқатар министрлікке жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.