Ә. Смайылов жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесін өткізді

Ә. Смайылов жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесін өткізді
сурет:primeminister.kz

Үкіметтің 500-ден астам функциясы министрліктер мен әкімдіктерге беріледі.  

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Премьер-Министр Кеңсесін Үкімет Аппараты ретінде қайта құру, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін қайта ұйымдастыру, сондай-ақ салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz primeminister.kz сілтеме жасап.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын, құрылымдық өзгерістерді жалпы үйлестіру күшейтіледі. 

«Ол үшін аппараттың құрылымы мен оның қызметі оңтайландырылады. Үкімет пен Премьер-Министрдің сараптамалық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін қамтамасыз ету күшейтіледі. Аппарат Президент Әкімшілігімен бірлесіп шешім қабылдау рәсімдерін бюрократиядан арылту және шамадан тыс регламенттеуді жою жөніндегі жұмысты жалғастырады», — деді Әлихан Смайылов. 

Үкіметтің 500-ден астам функциясы министрліктер мен әкімдіктерге беріледі.  

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқталған Премьер-Министр Президенттің Жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылғанын айтты. Жер қойнауын геологиялық зерделеу және минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді. 

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкімет алдында экономиканың нақты мәнде 4%-ға өсуін қамтамасыз ету, инфляцияны 2 есеге 9,5%-ға дейін төмендету және 2023 жылы $24,4 млрд көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту секілді маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.