Валиеваның ағзасына заңсыз есірткі қалай түскені айтылды

Валиеваның ағзасына заңсыз есірткі қалай түскені айтылды
Сурет: Sport24.ru

Соттың шешімі шықты.

Спорттық арбитраждық сот (CAS) ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қатысты толық шешімді жариялады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Сот шешімі бойынша, тыйым салынған дәрі спортшының атасымен бірге түскі ас кезінде оның денесіне енуі мүмкін екендігі айтылған. 

«Спортшының ағзасына тыйым салынған заттың түсуі оның атасымен тұрмыстық қарым-қатынас кезінде орын алуы мүмкін. Оның атасы жүрек алмастыру операциясынан кейін «Триметазидин» қабылдайды және әдетте дәрі-дәрмекті өзімен бірге алып жүреді. Камиланың анасы спортшының атасы үнемі қабылдайтынын айтты», - делінген сот шешімінде. 

Естеріңізге сала кетсек, Бейжің Олимпиадасына қатысқан ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева допинг-сынамасының  оң нәтиже көрсеткені үшін сынға ұшыраған болатын.Нәтижесінде Камила Валиева олимпиадалық медаль ала алмай қалды. Ол төртінші орынға ие болды. Спортшының жағдайын түсінген қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 15 жастағы мәнерлеп сырғанаушыға сағы сынбауын тілеп, қолдау білдірген болатын.