Қазақстанда Сот әкімшілігі пайда болады

Қазақстанда Сот әкімшілігі пайда болады
Сурет: Inbusiness.kz

Қазіргі кезде талқылау жүріп жатыр.

ҚР Жоғарғы Соты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ҚР Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Сот әкімшілігінің жұмысы туралы ереже әзірленді, ол ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінен қайта құрылды.

Сот әкімшілігінің міндеттері:

  • Сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жетілдіру;
  • Сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау;
  • Сот жүйесі мен Соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу.

Сот әкімшілігі ҚР Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып есептеледі.

«Мұндай тәсіл арқылы Судьялар корпусы сот төрелігін жүзеге асыру мәселелеріне толығымен шоғырланатын болады»,- делінген түсіндірмеде.

Сот Әкімшілігінің құрылымында ҚР Жоғарғы Сотының аппараты құрылады.

Айта кетсек, Сот әкімшілігінің қызметкерлері жалақы деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де шарттары бойынша ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің және ҚР Парламенті Палаталары аппараттарының қызметкерлеріне теңестіріледі.

Құжат 18 қаңтарға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.