Димаш сынға ұшыраған Камила Валиеваға қолдау көрсетті

Димаш сынға ұшыраған Камила Валиеваға қолдау көрсетті
Сурет: Aikyn.kz

Сағы сынбауын тіледі.

Атақты қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Естеріңізге сала кетсек, Бейжің Олимпиадасына қатысқан ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева допинг-сынамасының  оң нәтиже көрсеткені үшін сынға ұшыраған болатын. Димаш Құдайберген 15 жастағы мәнерлеп сырғанаушыға сағы сынбауын тілеп, қолдау білдірді.

«Достар, қазақстандық спортшыларға жанкүйер бола тұра, бүгін көршілес еліміздің дарынды әрі талантты жұлдызы Камила Валиеваға қолдау білдіремін! Сынға қалғанына қарамастан, жеңіс тұғырына жеткеніне қуаныштымын!» – деп жазды  Димаш Құдайберген әлеуметтік желілердегі жазбасында.

Оның айтуынша, небәрі 15 жастағы қыз өзінің ерік-жігері мықты екенін, табандылығын көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)