Жетісу өңірінде ұлттық спорт жақсы дамып келеді

Жетісу өңірінде ұлттық спорт жақсы дамып келеді Сурет: Zhanaqorgan-tynysy.kz

Өткен жылы 30 облыстық, 9 республикалық, 1 халықаралық жарыс ұйымдастырылған. 


Алматы облысында ұлттық спорт жақсы дамып келеді. Бұл туралы «Jetisý Media» ақпараттық алаңында өткен брифингте Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.



«Алматы облысында ұлттық спорт түрлері бойынша 3 спорт мектебі және 1 орталық қызмет көрсетіп жатыр. Мектептің бірі Талдықорған қаласындағы ипподромда жұмыс істеп жатыр. Ол жерде 29 бапкер күрес, қазақ күресі, құсбегілік, аударыспақ, жамбы ату сияқты спорт түрлерінен машықтандырып жатыр. Аудандарда спорт филиалдары бар. Ол жерде 10-20 жас аралығындағы балаларға ұлттық спорт бойынша сабақ өткізіліп жатыр. Бүгінде онда 511 спортшы бар. Ипподромда пандемияға байланысты 2020 жылдан бері ешқандай іс-шара өткізілмеді», - деді Нұрбақыт Теңізбаев.



Оның айтуынша, 2022 жылы өңірдегі ауылдар мен аудан орталықтарында ұлттық спорттан көптеген іс-шара өткізіледі.



«Мамыр айында Жеңіс күніне орай облыс әкімінің кубогы мен өзге де ұлттық спорт түрінен ойындар өткізіледі. Ал, Қапшағай қаласындағы ат спорты мектебінде көкпар, жамбы ату ойындарымен қатар олимпиадалық ойын түрлерінен ат спорты түрлері жаттықтырылады. Онда қазір 207 бала ұлттық спорт түрі бойынша жаттығады», - деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38