«Вагнер» Ростовты басып алды: Пригожин Шойгуды кездесуге шақырды

«Вагнер» Ростовты басып алды: Пригожин Шойгуды кездесуге шақырды

Ресейдегі жағдай сәт сайын құбылып тұр. Жалдамалы әскери компания «Вагнер» жасақтары Ростов қаласын өз бақылауына алған. Ғаламторда «Вагнер» жетекшісі Евгений Пригожиннің Ростовтағы оңтүстік әскери штабының ішінде жүргенін көрсететін видео да тарады.

Мәліметтерге қарағанда «Вагнер» жасақтарының қалаға кіруі қақтығыссыз жүзеге асқан. Мемлекеттік және әскери нысандарды да өз бақылауына ұстап тұр. Дегенмен, Пригожин тарабынан қақтығысқа түскен әскери техникалардың жойылғаны туралы мәліметтер де айтылуда.

Интернетте тараған видеода Пригожин Ресейдің жоғары әскери жетекшілерін бетпе-бет келіссөзге шақырады. Егер кездесуге келмесе өз жасағы қаланы қоршап, Мәскеуді бетке алып алға жылжитынын айтқан. Қазірше, видео материалдардың рас-өтірігі анық емес.

Кеше кештен бергі Ресейдегі жағдайдың байыбына жету қиын. Расында да ішкі бүлік пе, әлде кезекті алдарқату әрекеті ме дегенге қазірше сенімді жауап жоқ.