Путин: Бұл – сатқындық, Ресейдің ту сыртынан пышақ салу

Путин: Бұл – сатқындық, Ресейдің ту сыртынан пышақ салу
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Ресейдегі жағдай «Пригожин» бүлігі деп атала бастады. Бір сағат бұрын РФ президенті Владимир Путин телеарналар арқылы мәлімдеме таратты. Онда ол Ростов пен Воронежді басып алған Пригожин күштерін сатқын деп атады. 

Путин мәлімдемесінде «Ресейді сақтап қалу үшін» барлық күшті жұмылдыру керек екенін, төтенше жағдайды реттеуге қажетті барлық бұйырықтар берілгенін мәлімдеді. Ресейліктерді бірлікке шақыруды да ұмытпады. 

«Бұл – сатқындық, Ресей халқының ту сыртынан шышақ ұру» деп бағалаған Путин. Бұл мәлімдеме бұған дейінгі Пригожин әрекетіне қатысты «қойылым болуы мүмкін» деген болжамды терістей түсті. 

Оқиғаның даму бағытынан қарағанда Ресей Федерациясы әскери және азаматтық соғыс алдында тұр деуге болады. 

Туындаған жағдай Ресейге ғана емес, Қазақстан мен Орта Азияға, тіпті тұтас жаһандық геосаяси жағдайға әсер етеді