Бразилияда көшкін жүріп, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті

Бразилияда көшкін жүріп, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
Сурет: Turkystan.kz

Бразилияның оңтүстігінде Паран штатының тасжол учаскесінде көшкін жүріп, салдарынан кемінде екі адам көз жұмып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бразилия билігінің хабарлауынша, нөсер жаңбырдан кейін лай 20-ға жуық жеңіл көлік пен жүк көлігін шайып кеткен. Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығы мен оқиға орнының шалғайлығы іздеу жұмыстарын қиындатқанын айтуда.

Алдын ала мәлімет бойынша 50-ге дейін адам хабар-ошарсыз кеткен.