Умри, но беги: жаңа мәліметтер

Умри, но беги: жаңа мәліметтер
Сурет: Amic.ru

Бір апта бұрын жасөспірімдер осындай ойын ойлап тауыпты деп жазғанбыз.

Олай жазуымызға әлеуметтік желіде тараған хабарлама себеп болды. 

Almaty-akshamy.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сұрау салу арқылы оқиғаның Қостанайда болғанын анықтады.

Қостанай облыстық ПД әлеуметтік желіде бейнежазбамен қоса жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі бұл жүргізушінің бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кеткенін айғақтайтын видео деп ұсынды. Ал видеоның қайдан алынғаны туралы ақпаратты тергеу жүріп жатқандықтан айтпады.

«Жол-көлік оқиғасы 8 қазанда Рудный қаласында  орын алған. «Дэо Нексия» маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі бойынша «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қостанай облысының ПД ата-аналарды балаларды жол жағдайын бағдарлай білуге үйретуге және баланың сақ болу қажеттілігін тәрбиелеуге шақырады», деді Қостанай облысының ПД баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.