Умри, но беги!

Умри, но беги!
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Желіккен жеткіншектер осындай ойын ойлап тауыпты.

Әлеуметтік желіде осыған қатысты аудио, видео жазбалар тарап кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аудиодағы айтылғандарға қарағанда, жасөспірімдер өзара бәстесіп, бір бала қала көшелерінде жүріп келе жатқан көліктің алдынан кесіп өтеді.

«Көшенің жиегінде стартта тұрған бала көрсеңдер, абайлаңдар» депті аудионың бірінде.

Балаларға, ата-аналарға және көлік жүргізушілеріне қауіпті ойынның алдын алуды ескерту мақсатында осы ақпаратты барынша көбірек таратқан жөн.

Ресейлік сайттарда өткен жылы жасөспірімдердің «Беги или умри» деген ойынның құрбаны болғаны туралы жазылған. Онда оқушы балалардың телефонына осы ойынға қатысу туралы ұсыныс жасаған хабарлама келеді делінген.