Түркиядағы үйінді астынан әлі де адамдар аман табылуда

Түркиядағы үйінді астынан әлі де адамдар аман табылуда
Сурет: Elorda.info

Зілзаладан кейін 261 сағат өткенде екі адам аман табылды.

Антакья қаласының Одабашы ауданында жер сілкінісі болған соң 261 сағат өткенде үйінді астынан Мехмет Әли Шакироғлы мен Мұстафа Авчи аман шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Антакьядағы Ордабашы көшесінде жұмыс істеп жатқан құтқару бригадасы қираған үйдің тастарының арасында қысылып қалған екі азаматты аман алып қалды.

Олар дереу 26 жастағы Мехмет Әли Шакироғлы мен 34 жастағы Мұстафа Авчиді шығарып алды. Екі азамат Кахраманмараштағы зілзаладан 261 сағат өткеннен кейін құтқарылды.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.