Түркия жері 3 метрге жылжыды

Түркия жері 3 метрге жылжыды

Қозғалыс небәрі 30-40 секундта болған.

Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институтының басшысы Карло Даниоли басылым беттерінде сенсациялық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 

Ғалым жарықшақ сызығы орналасқан Анадолы тақтасының Араб тақтасымен салыстырғанда солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бағытта кемінде үш метрге ығысқанын айтты. Бұл қозғалыс небәрі 30-40 секундта болған.

Данионидің айтуынша, әдетте геологиялық қозғалыс жылына 2-3 миллиметрден аспайтынын ескерсек, бұл жаһандық ауқымдағы апат болып саналады.

Дегенмен, сарапшылар жер тақтасының «жылжулары» және басқа да терең жатқан процестері туралы біржақты айтуға әлі ерте екенін, бұл салада ауқымды зерттеулер қажет екенін айтады.