Тұрғындармен кездесулер жиі өтіп тұрады әрі түрлі форматта - Алматы әкімі

Тұрғындармен кездесулер жиі өтіп тұрады әрі түрлі форматта - Алматы әкімі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев осындай кездесулердің жүйелілігі туралы пікір білдірді. 

"Мен Алматы тұрғындарымен кездесу өткізуді тоқтатқан жоқпын, кездесу форматы өзгерді. Мен әр тоқсан сайын аудандарға баратын боламын. Жылына екі рет аудандарда  жүзбе-жүз кездесулер болады және өткен жылдың төртінші тоқсанындағыдай екі рет тиісті орындарға барып, нақты мәселелерді шешеміз.Сондықтан, уәде етілгендей, мен әр ауданның тұрғындарымен  жиі кездесіп отырамын", - деді Ерболат Досаев.  

Айта кетерлігі, 2023 жылы қала әкімі 8 ауданның тұрғындарымен 32 кездесу өткізді.