Тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге бар мүмкіндік жасалып жатыр

Тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге бар мүмкіндік жасалып жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы «Шуақты» шағын ауданында 5,5 шақырым электр беру желілері модернизацияланды.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Осы жылдың 2-ші тоқсанында «Әлмерек», «Нұршашқан», «Қайрат» шағын ауданында 161,5 шақырым желіні жаңғырту жұмыстары аяқталады. Осылайша аталған шағын аудандардағы мәселенің шешімін табатын боламыз, дейді қала әкімі.  

Бұдан басқа, бір ай ішінде «Қайрат» шағын ауданының тұрғындары «Кіші Станица» қосалқы станциясы арқылы қалалық желіге ауысады, бұл шағын ауданды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.