Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі маңызды мәселелердің бірі

Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі маңызды мәселелердің бірі
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі Түрксіб ауданының маңызды мәселелердің бірі болып қала бермек.

Өткен жылы «Шуақты» шағын ауданының тұрғындары үшін 17,4 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынды. Оның  10 шақырымы су құбыры болса, 7,4 шақырым кәріз жүйесі тартылған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Биылғы жылы 223,7 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және іске қосу жоспарланған.

«Sheber Build» ЖШС «Әлмерек» шағын ауданында 20 шақырым су құбыры мен канализация құрылысы бойынша негізгі жұмыстарын аяқтады. Тұрғындар сумен қамту желілеріне қосыла алады, жүйе тексерілгеннен кейін осы жылдың қаңтар айының соңында канализация жүйесіне қосылуға мүмкіндік болады;

- Биыл ақпан айының соңына дейін «Жас Қанат» шағын ауданында 16,4 шақырым су құбыры мен канализация құрылысы бойынша жұмыстар аяқталады, деді қала әкімі.

Осы жылдың 3-ші тоқсанында «Маяк», «Нижняя Пятилетка» шағын аудандарында және Закарпатская көшесінде 187,3 шақырым су құбыры және канализация құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, осы жылдың 2-ші тоқсанында «Қайрат» шағын ауданында 37,2 шақырым сумен қамту және су бұру жаңа желілерінің 2-ші кезегін салу жұмыстарын бастау жоспарланған.

Биыл 6 учаске бойынша су құбыры мен канализация желілерін жобалауды аяқтау көзделген, оның ішінде: Ұзындығы 120 шақырым 2 учаске бойынша ауданның орталық бөлігінде Сейфуллин даңғылынан батысқа қарай (Рысқұлов-Жансүгіров – Шолохов - Сейфуллин көшелерінің квадраты) және Әуежай көлінің маңы,

Ұзындығы 50 шақырым 4 учаске бойынша ауданның орталық бөлігінде Сейфуллин даңғылынан шығысқа қарай, Шолохов, Ақан сері және Сейфуллин көшелерінің квадратында, сондай-ақ, Красногорская, Сүйінбай, Асылбеков, Соболев, Сарымолдаев көшелеріндегі жекелеген үйлер үшін реконструкцияланады, деді қала әкімі Е.Досаев.