Туған күнге сый

Туған күнге сый
almaty-akshamy.kz

Бүгін – алматылық Әсима Әбілдинованың туған күні. Ол Бостандық ауданының №299 сайлау учаскесіне кештеу келген-ді. Өзін тосынсый күтіп тұрғанын білген жоқ. Елдің болашағы үшін дауыс беруге келген оған сыйлық ұсынылды. Кішкентай ғана «Қазақстан» шоколадтарын көрген оның балаша қуанғаны анық. Біріншіден, оған «Қазақстан» деген сөз ерекше әсер етті. Елінің болашағы үшін берген дауысының маңыздылығын жүрегімен сезінеді.