Алматыда синтетикалық есірткі өндірісі жойылды

Алматыда синтетикалық есірткі өндірісі жойылды
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні өндіру және тарату әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезіндегі қылмыс үстінде жедел қызметкерлер екі шетелдік азаматты ұстады.Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 кг «альфа-PVP» психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5.5 тоннадан астам прекурсорлар алынды.

Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған.

Сот шешімімен күдіктілерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.