Тоқаев төрт елшіні тағайындады

Тоқаев төрт елшіні тағайындады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Чехия, Корея, Хорватия және Сингапурдағы елшілерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақорданың ресми сайтының жазуынша:

Бақыт Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Нұрғали Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Ақылбек Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Асқар Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.