Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: Akorda.kz

Түркия президенті Қазақстан халқына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.