«Тобыл» «Дерри Ситиді» жеңді

«Тобыл» «Дерри Ситиді» жеңді
Сурет: Ашық дереккөз

Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында «Тобыл» Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  .

Командалар кездесу басынан тартысты ойын өткізді. Жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген еді. Қостанайлық клуб футболшыларының белсенділігі байқалып тұрды. Десе де, бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де командалар белсенділігі арта түсті. «Тобыл» тарапынан есеп ашатын көптеген мүмкіндік болды. Ойынның 68-минутында қостанайлық клубтан Роман Асранкулов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.