Тізім тағы «жаңарды»

Тізім тағы «жаңарды»
almaty-akshamy.kz

Мына тұрғын үй кешендерінен баспана сатып алуға болмайды

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, келесі тұрғын үй кешендерінің құрылысқа қажетті толық құжаттар пакеті жоқ:

ORDA CITY ТҮК

«Теректі» ы/а, Айналмалы көш., 183.

Тапсырыс беруші: «Investment Stroy» ЖШС.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ, учаскені пайдалану мақсаты – ЖТҮҚ.

Басқарма құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 316-баптың 1-бөлігі, 321-бап бойынша шаралар қабылдап, құрылыс- монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарды, сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қазаншұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы талап арыз жолдады.

DOSTAR DELUXE ТҮК

«Мәдениет» ш/а, 185/8.

Тапсырыс беруші: ИП «Ашинов».

Эскиздік жобасы келісілмеген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама жоқ.

ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі, 321-бап бойынша шара қабылданды.

VERONA ТҮК

« Ремизовка» ш/а, 7-жол 71 учаске.

Тапсырыс беруші: 5 жеке тұлға.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ.

Айта кету керек, бүгінгі таңда азаматтардың заңсыз тұрғын үй кешендерінен пәтер алу фактілері тұрақты түрде анықталуда. 3 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер үшін үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат талап етілмейтін қолданыстағы заңнаманы пайдаланып, жо сықсыз құрылыс салушылар жылжымайтын мүлік сатып алушыларды жаңылыстыруда.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына хабарласып, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі құжаттардың толық пакетін тексеруді ұсынамыз.