Тимофей Скатов Хорватиядағы турнирді жеңіспен бастады

Тимофей Скатов Хорватиядағы турнирді жеңіспен бастады
Сурет: skatov_timofey/Instagram

Қазақстандық, әлемнің 273-ракеткасы Тимофей Скатов Задар (Хорватия) челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 218-ракеткасы, аустриялық Деннис Новакка қарсы келді, деп хабарлайдыаAlmaty-akshamy.kz. 

Тартысты өткен матчта бірінші партияда тай-брейкте Скатов басымдық танытты 7:6 (7:5). 

Керісінше екінші сетте Новак сәтті ойнады 7:6 (7:5). Кеше үшінші партияда есеп 1:1 болған мезетте матч кейінге қалдырылды.

Бүгін жалғасқан бәсекеде Тимофей қатарынан бес геймді өз есебіне жазды — 6:1.

Үш сағатқа жуық созылған ойында Скатов 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Новак 3 эйс, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін рейтингіде 247-орында тұрған италиялық Алессандро Джаннессимен таласады.

Италиялық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 107-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, франциялық Корентен Мутені жолдан тайдырды — 5:7, 6:2, 6:4.