Теңіз кен орнындағы газ Қазақстанның ішкі нарығына бағытталады

Теңіз кен орнындағы газ Қазақстанның ішкі нарығына бағытталады
Сурет: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы газды экспорттауға қарағанда, ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге баса мән беру керектігін айтқан

«Теңізшевройл» компаниясы өндірілетін барлық газды Қазақстанның ішкі нарығына жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өндірілетін барлық тауарлық газ енді ішкі нарыққа бағытталады. Яғни біз газды бір операторға – «QazaqGaz» АҚ жеткіземіз. Қазірдің өзінде өндірген газдың барлығын соларға жөнелтіп жатырмыз. Біз экспорттауды жоспарлап отырған жоқпыз», - деді ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Аронов.

Еске салайық, былтыр Мемлекет басшысы газды экспорттауға қарағанда, ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге баса мән беру керектігін айтып, Үкіметтен Теңіз кен орны акционерлерімен бірлесіп 2 млрд текше метр газды экспорттан ішкі нарыққа бағыттау мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Бұған дейін ТШО-ның бас директоры Кевин Лайон 2022 жылы «Теңізшевройл» ЖШС 30 млн-ға жуық тонна шикі мұнай өндіргені туралы айтқан болатын.