Домбыра туралы 5 қызықты дерек

Домбыра туралы 5 қызықты дерек
almaty-akshamy.kz

* Швейцариялық компания алтынмен апталған, күміспен әрленген домбыра шығарды. Оған 24 каратты гауһар тасы бар саф алтын пайдаланылған. Құны – 50 мың еуро.

* Гиннесстің рекордтар кітабына енген ең кішкентай домбыраның ұзындығы 4 см., 5 мм, ені 1 см 4 мм. Бұйым шамамен бір айға жуық уақытта жасалған. Құлақтары, ішектері, сыртқабы да бар.

* Домбыра туралы мәлімет 2013 жылы Гиннесс рекордтар кітабына тағы бір мәрте тіркелген. Бұл жолы Атыраудағы жағдай сенсациялық жаңалық ретінде берілген. Қазақтың көрнекті күйші-композиторы Құрманғазының 190 жылдығына орай ұйымдастырылған музыкалық фестивальде 1000 домбырашы қатар өнер көрсеткен.

* 2016 жылы 19 жасар Ерайдын Тасболат домбырамен Еуропаның және Ресейдің аса биік шыңы Эльбруста күй шертіп, елді таңқалдырған. Ол бұл өнерін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту еткен.

* Қытайдағы қандастарымыз дүние жүзіндегі ең үлкен домбыраны жасаған. Құлжадағы ағалы-інілі шеберлер Бақыткелді мен Бақытнұр Аренғазылар ұзындығы 7 метр, шанағының кеңдігі 1,8 метр ұлттық аспапты жасап шыққан.