Теңгеге Ұлттық банк төрағасының қолы қойылатын болады

Теңгеге Ұлттық банк төрағасының қолы қойылатын болады
Сурет: интернеттен

2016 жылдан бастап қол қойылмайтын.

Банкноттарда жалған ақша үшін жауаптылық көзделгені туралы жазба болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" жарлыққа осындай өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Атап айтқанда банкноттардың дизайны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының қолы түріндегі жаңа элементпен толықтырылады.

"Мұндай жаңашылдық тұтынушы алдында шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беру функциясын күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Бұл практика бірқатар елде, атап айтқанда, Еуропалық одақта, сондай-ақ Англияда, АҚШ пен Сингапурда қолданылады", - делінген негіздемеде.

Жарлық жобасы 24 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.