Тазалық адам айнасы

Тазалық адам айнасы
Almaty-akshamy.kz

Әсем қаламыз Алматының таза болуына «Alatau aqparat» медиахолдингі мен «Almaty» телеканалы өз үлестерін қосты.

Алатау ауданы Нұркент ықшам ауданында бас қосқан ақпарат саласының қызметкерлері, аулалар мен көшелерді қоқыстан тазартты. Азаматтық жауапкершілік танытқан 50 жуық адам, бір үйдің баласындай табиғатымызды тазалауды игі іс санады.

Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болары анық. Осылайша тазалықты жаны сүйетін ақпарат саласының қызметкерлері бір қолына күрек ұстаса, екінші қолына қап ұстады. Алматыны біздің ортақ үйіміз екенін көрсетуді мақсат етті. Қаланың тазалығы арнайы мамандардың ғана емес, әрбір тұрғынның міндеті.

Қоршаған ортамызды қорғау және таза ұстау адамдардың қолында. Әсем қаламызға деген сүйіспеншілік оның табиғатын құрметтеуден басталады.

Қаламыздың сұлулығын сақтау үшін күнделікті өмірімізге тазалық мәдениетін қалыптастырумыз керек. Осы орайда, қаламызды тазалау бір бөлек, оны ластамау керектігін де ұмытпаған жөн. Көшелерде, аулаларда және қоғамдық орындарда қоқыс тастамаңыз! Алып шаһармызға мейірімділікпен қарайық. Алматы – біздің ортақ үйіміз.