Ташкентте қазақ киносы күндері басталды

Ташкентте  қазақ киносы күндері басталды
Almaty-akshamy.kz

Ташкентте басталған Қазақ киносы күндері аясында қазақстандық тоғыз кинематографшының жұмысы өзбек көрермендерінің назарына ұсынылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Режиссер Болат Мансұровтың Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндірістік-техникалық базасында қайта өңделген «Сұлтан Бейбарыс» толықметражды көркем туындысы жаңалық болды.

20-23 маусым аралығында Әлішер Науаи атындағы Орталық кино үйінде өтетін іс-шара аясында көрермендерге «Мұқағали» (режиссер Болат Қалымбетов), «Дос-Мұқасан» (Айдын Сахаман), «Паралимпиадашы» (Алдияр Байрақымов), «На старте» (Ернар Нұрғалиев) мен «Лето 1941-го» (Бекболат Шекеров) көркем фильмдері ұсынылады.

Балаларға «Кенже қыз» (Иван Ардашов), «Бесік жыры» (Дильшат Рахматуллин) мен қазақ анимациясының негізін қалаған, режиссер, суретші Әмен Қайдардың 100 жылдығына арналған «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» (Жанәділ Байдарбеков) анимациялық фильмдері көрсетіледі