Тарихи жеңіс

Тарихи жеңіс
Сурет: Olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында 2024 жылғы қысқы IV жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр.

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орынын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты.

Екінші орында – аустриялық Никки Хамл, үшінші сатыда – польшалық Лукас Лукащук.

Қазақстан бұған дейін жасөспірімдер қысқы Олимпиадасында алтын медаль алмаған.

Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында 2024 жылғы қысқы IV жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр. Ол 2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында өтеді. Қысқы ойындарға 78 елден келген 1900-ге жуық спортшы қатыспақ. Канвон ареналарында Қазақстан намысын спорттың бес түрі бойынша (9 дисциплина) 41 спортшы қорғайды.